«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында тағы бір сарбаз көз жұмды

Жамбыл облысында тағы бір сарбаз көз жұмды
Фото: pexels.com

Жамбыл облысындағы әскери бөлімдердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Қызметтік міндетін атқару барысында қару алған мерзімді қызметтегі жауынгер снайперлік мылтықтан өзіне оқ атып, алған ауыр жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.

Әскери қызметкердің қаза болғанын Бас прокуратура ресми түрде растады.

Аталған дерек бойынша 27 қаңтар күні Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстарын бастаған. Қазір жедел-тергеу тобы құрылып, істің мән-жайы жан-жақты тексеріліп жатыр. Тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауына алынған.

Оқиғаның себептері мен барлық жағдайын объективті анықтау үшін Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің басшысы арнайы оқиға орнына барды.

Қазіргі таңда тергеу жалғасуда, ресми органдар қосымша ақпарат кейінірек хабарланатынын мәлімдеді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.