Жамбыл облысында қаза болған жас келіншек жерленді. Марқұмның туыстары оның өзіне қол жұмсағаны туралы болжамға сенбейтінін айтып отыр, деп хабарлайды kznews.kz.
Жаназа рәсіміне қатысқан журналист әлеуметтік желідегі парақшасында марқұмның қайын жұрты жерлеуге келмегенін жазған. Оның сөзінше, келіншектің артында 8 айлық сәби қалды.
«Туыстары өзін-өзі өлтірді дегенге сенбейді», – деп жазды журналист.
Әлеуметтік желіде марқұмның құрбысына қатысты да түрлі пікір айтылған. Алайда жаназаға барған автор құрбысының марқұмның отбасына қолдан келгенше көмек көрсетіп жүргенін жеткізді.
Қазіргі таңда жас әйелдің өліміне қатысты істің мән-жайы анықталып жатыр.