183,6 млрд $: Қазақстанның сыртқы қарызы "қызыл сызыққа" жақындап келе ме?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Ұлымды жалғыз әкетіп барамын": Жамбыл облысында босанған ана қайтыс болды

"Ұлымды жалғыз әкетіп барамын": Жамбыл облысында босанған ана қайтыс болды
Фото: Ашық дереккөзі

Жамбыл облысындағы перинаталдық орталықта 30 жастағы Салтанат Нышанбай босанғаннан кейін жұмбақ жағдайда қайтыс болды. Ресми мәліметте өлім себебі шығу тегі белгісіз сепсис делінгенімен, марқұмның жақындары бұл жағдайға емхана мен перинаталдық орталықтағы салғырттық себеп болды деп отыр, деп хабарлайды kznews.kz KTK-ға сілтеме беріп.

Марқұмның туыстары перзентханадан жаңа туған нәрестені гүл шоқтары мен баланың аты жазылған шарлармен, үнсіздік құшағында алып шыққан. Өкінішке орай анасы бұл сәтті көре алмады.

«Бәрі жақсы болады деп сендім. Әйелім екеумізді бірге алып шығамын деп ойладым. Енді ұлымды жалғыз алып кетіп барамын, жаным қатты ауырады», – дейді қайғысын жасыра алмаған жұбайы.

Жақындарының айтуынша, нәресте кесарь тілігі арқылы мерзімінен бұрын туған. Неонатологтар сәбиді күтіп-бағып жатқанда, Салтанат шамамен үш апта бойы өз өмірі үшін арпалысқан. Алайда әпкелері дәрігерлер дер кезінде нақты көмек көрсетпеді, керісінше жағдай асқынып кетті деп есептейді.

Марқұмның әпкесі Айнұр Тоғызованың айтуынша, сепсис перинаталдық орталықта пайда болуы мүмкін. Ол дәрігерлер жұқпаны уақытында анықтамай, кейін еш ескертусіз жатырын алып тастағанын алға тартады.

«Содан кейін ол мүлде тұрмады. Үш апта өмір үшін күресті, ақыры қиналып қайтыс болды», – дейді ол.

Туыстарының тағы бір уәжі – мәселе жүктілік кезіндегі бақылаудан басталған. Гүлнұр Тоғызова емхана міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (ОСМС) төлемі жоқ деген себеппен Салтанатты есепке қоймағанын айтады. Оның сөзінше, әйелден қарапайым талдаулар да алынбаған, ал өзінде преэклампсия белгілері болып, үйінде жиі талып қала берген.

«Медбикеге қайта-қайта хабарласып, көмек сұраған. Бірақ бас тартқан. Содан кейін ғана жедел жәрдеммен осында жеткізілді», – дейді әпкесі.

Әпкелері Салтанатты жерлегенде денесінде көп тілік болғанын, аяқтарында некрозға ұқсас белгілер байқалғанын айтады. Бірақ мұның себебі түсіндірілмеген көрінеді. Сондай-ақ жақындары «оқиға жария болып кетсе» деген үреймен қорқыту болғанын да алға тартады. Ал клиника өкілдері айыптауларды нақты растаған да жоқ, жоққа да шығарған жоқ.

Тараз қалалық облыстық перинаталдық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Шолпан Жапаркулова:

«Ана өлімі фактісі расталады. Қазіргі таңда қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», – деді.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы да оқиғаға қатысты толыққанды түсінік бермей, бұл жыл басынан бері тіркелген босанған әйел өлімінің жалғыз дерегі екенін және мән-жай мұқият тексеріліп жатқанын мәлімдеген.

Қазір Салтанаттың жақындары шындықты анықтап, кінәлілердің жауапқа тартылғанын қалайды. Жаңа туған сәбиі мен 5 жастағы ұлы анасыз қалып отыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер