Саяси смета: Бюджет қаржысы қай партияларға бұйырды?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды

Жамбыл облысында екі жасөспірімнің денесі табылды
Фото: Рexels.com

Жамбыл облысы Қаракемер ауылындағы қоралардың бірінен 9-сынып оқушыларының мәйіті табылды, деп хабарлайды kznews.kz КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Марқұм екі жасөспірім де 9-сынып оқушылары екені белгілі болды. Олар әртүрлі мектепте оқығанымен, өзара дос болған. Алдын ала себеп бойынша, екеуі де өздеріне қол жұмсаған.

“Тексеру барысында олардың екеуі де көпбалалы, жағдайы жақсы отбасылардан шыққаны анықталған”, – дейді Жамбыл облысы бойынша балалар омбудсмен.

Ал жақындарының сөзінше, олардың өз-өзіне қол жұмсауына ешқандай себеп болмаған.

Оқиға облыс әкімінің бақылауына алынды. Елді мекенге балалар омбудсмені мен білім басқармасының басшылығы барған. Қаза тапқан оқушылардың сыныптастары мен ата-аналарымен психологтар жұмыс істеп жатыр.

“Қордай ауданында болған суицид фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр”, – деді Жамбыл облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлсара Мұхтарқұлова.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.