«Нәтиже болмаса қоштасамыз»: Бектенов Kazakh Tourism басшысына ескерту жасады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

«Жағдай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін»: Тоқаев күштік құрылымдарға тапсырма берді

«Жағдай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін»: Тоқаев күштік құрылымдарға тапсырма берді
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Қаржылық мониторинг агенттігінде кеңес өткізіп, құқық қорғау органдары цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект жүйелерін жедел енгізуі керектігін айтты, деп хабарлайды Kznews.kz.

Президент жиын барысында ведомство қызметкерлерін кәсіби мерекесі — Қаржылық мониторинг органдары күнімен құттықтап, агенттіктің бес жыл ішінде маңызды тәжірибе жинақтағанын атап өтті. Мемлекет басшысы ҚМА бүгінде экономикалық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінде дербес әрі салмақты рөл атқаратын құрылымға айналғанын айтты.

«Жалпы, мұндай қысқа уақыт ішінде ауқымды жұмыс атқарылып, құнды тәжірибе жинақталды. Бүгінде агенттік экономикалық және ұлттық қауіпсіздік жүйесінде маңызды рөл атқаратын дербес құрылымға айналды. Бұл — сіздердің табанды еңбектеріңіз бен борышқа адалдықтарыңыздың тікелей нәтижесі. Ведомствоның барлық қызметкеріне алғыс айтамын. Дегенмен қазір босаңсуға уақыт емес. Алдымызда жоғары мақсаттар мен ауқымды жұмыс тұр. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект қарқынды дамыған дәуірде бізге жұмысқа түбегейлі жаңа тәсіл қажет. Бұл туралы мен “Turkistan” газетіне берген сұхбатымда және Ұлттық құрылтай отырысында айтқанмын», — деді Президент.

Тоқаев агенттік жұмысына цифрлық тәсілдер мен жасанды интеллект жүйелерін кеңінен енгізуді кейінге қалдыруға болмайтын аса маңызды міндет ретінде бағалады. Оның айтуынша, қылмыстық орта да технологиялық мүмкіндіктерді, соның ішінде жасанды интеллектіні белсенді пайдалана бастаған.

«Онсыз тиімді жұмыс мүмкін емес екені анық. Бүгінде күштік құрылымдар мен қылмыстық орта арасындағы текетірес технологиялық деңгейге өтті. Қылмыскерлер жасанды интеллектіні белсенді қолдана бастады. Егер құқық қорғау органдары, соның ішінде Қаржылық мониторинг агенттігі технологиялық тұрғыдан артта қалса, бұл жағдай ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіруі мүмкін. Заманауи талапқа сай болу үшін біз алдын ала қимылдап, салмақты шешімдер қабылдауға міндеттіміз. Құқық қорғау органдары ең озық цифрлық шешімдерге сүйене отырып, жүйелі әрі белсенді жұмысы арқылы елдегі реформалардың жылдамдығы мен сапасын қамтамасыз етуге тиіс. Бұл Қазақстанның ауқымды экономикалық трансформациясы жағдайында ерекше маңызды», — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін 12 қаңтар күні Қасым-Жомарт Тоқаев ҚМА төрағасы Жанат Элимановты қабылдап, 2025 жылы атқарылған жұмыстың қорытындылары мен алдағы міндеттер жөніндегі есебін тыңдаған.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер