“Кроссовкасы үлгіге сай емес”: Қазақстандық спортшы Азиададағы алтын медалінен айырылып қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ыстықкөлде қазақстандық әйел 14 жастағы қызды соққыға жықты (ВИДЕО)

Ыстықкөлде қазақстандық әйел 14 жастағы қызды соққыға жықты (ВИДЕО)
Сурет: скриншот

Қырғызстандағы Ыстықкөл жағалауында орналасқан Бостери ауылында қазақстандық туристің қатысуымен жанжал шығып, 14 жастағы қыз ауыр жарақат алды, деп хабарлайды kznews.kz, Typical Kazakhstan-ға сілтеме қалдырып.

Алдын ала мәлімет бойынша, жанжал демалушылар отырған жердің маңына қоқыс тасталғаннан кейін басталған. Куәгерлердің айтуынша, қазақстандық әйел алдымен былапыт сөздер айтып, кейін 14 жастағы Қырғызстан азаматының жағасынан ұстап алған.

Айналадағы адамдар араша түсуге тырысқанымен, әйел: «Мен әлі ұра да бастаған жоқпын», - деп, қызды жерге құлатып, соққыға жыққан.

Оқиға салдарынан жасөспірім ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған ми шайқалуы мен мұрын сүйегінің сынуы диагнозын қойған.

Куәгерлердің сөзінше, оқиғадан кейін күдікті әйел ешқандай жауапкершілікке тартылмай, босатылған. Алайда бұл ақпаратты Қырғызстанның құқық қорғау органдары ресми түрде растаған жоқ.

Оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер