Зейнетақы нарығы: жиған-тергеніміз желге ұшпай ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Халықтан 21 млрд теңге жинаған «Amanat Drive» басшылары екі пәтер мен үш автокөлік сатып алған

Халықтан 21 млрд теңге жинаған «Amanat Drive» басшылары екі пәтер мен үш автокөлік сатып алған
Фото: dknews.kz

«Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшылары сотталды, деп хабарлайды kznews.kz.

Қонаев қаласының соты «Amanat Drive» қаржы пирамидасының басшыларына қатысты үкім шығарды.

Сот шешімімен Шүкен К.К. 8 жылға, Үрәтбек М.С. 1 жылға бас бостандығынан айырылды.

Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті жүргізген сотқа дейінгі тергеу барысында қаржы пирамидасына 8 мыңнан астам адам тартылғаны анықталған. Салымшылардан жиналған қаражаттың жалпы көлемі 21 млрд теңгеден асқан.

Ұйымдастырушылар азаматтарға жылжымайтын мүлік пен автокөліктерді пайызсыз және кейін бөліп төлеу мүмкіндігімен сатып алуды ұсынған.

Тергеу мәліметінше, қылмыстық кірістерді заңдастыру үшін «Алло, не керек», «I M@RKETING» және «Gold SapaPremium» компаниялары пайдаланылған. Олар жарнама, жылжымайтын мүлік пен көлік нарығын талдау және болжау қызметтерінің жалған жеткізушілері ретінде көрсетілген.

Жалған келісімшарттар арқылы 1,8 млрд теңгеден астам қаражат шығарылып, қолма-қол ақшаға айналдырылған.

Сотталғандар осы қаражатқа екі пәтер және Lexus маркалы үш автокөлік сатып алған. Мүлікті тәркілеуден жасыру үшін олар басқа адамдардың атына рәсімделген.

Сот екі пәтер мен үш автокөлікті мемлекет кірісіне тәркіледі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі