Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Халыққа қызмет көрсету орталықтары өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына айналады

Халыққа қызмет көрсету орталықтары өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына айналады
Фото: gov4c.kz

Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев қазақстандықтардың ХҚКО-ға баруы айтарлықтай азайғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Министрдің айтуынша, осыған байланысты ХҚКО-лар «Халыққа арналған цифрлық кеңселерге» болып құрылады. Олар Apple Store қағидаты бойынша жұмыс істейтін өзіне-өзі қызмет көрсету аймағына айналады.Азаматтар жыл сайын Халыққа қызмет көрсету орталықтарына шамамен 15 млн рет жүгінеді. Бұл жалпы трафиктің 80%-ын құрайды және Қазақстандағы ең сұранысқа ие он мемлекеттік қызметтің қатарына кіреді.

«Өткен жылы біз бұл қызметтерді толық цифрландыруды бастадық. Олардың бір бөлігі баламасыз онлайн форматқа көшірілді. Соның нәтижесінде Халыққа қызмет көрсету орталықтарына келушілер саны күрт азайып отыр. Осыған байланысты бұл орталықтар Apple Store-ға ұқсас Халыққа арналған цифрлық кеңселерге айналады. Азаматтар қызметтерді өздері алатын болады. Барлық әкімдіктерге тиісті жабдықтармен қамтамасыз етуді тапсыруды сұраймыз», - деді министр.

Сондай-ақ ол мемлекеттің цифрлық трансформациясындағы негізгі басымдықтардың бірі мемлекеттік қызметтерді ыңғайлы әрі қолжетімді ету екенін атап өтті.

Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 91%-ы eGov порталы арқылы онлайн түрде алынады. Жүйеде тіркелген 14 млн азамат бар, олар мемлекеттік қызметтерді алу үшін кеңселерге іс жүзінде бармайды.

Пайдалануды жеңілдету мақсатында eGov қосымшасы едәуір жаңартылып, оған азаматтарға арналған AI-ассистент енгізілді. Биыл eGov жүйесі QazTech көмегімен жаңа архитектура негізінде қайта құрылады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі