АҚШ-та Дональд Трамп пен Қасым‑Жомарт Тоқаевтың кездесуінен ресми фотоларды жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Фотолар Президенттердің 2025 жылғы 6 қарашада Вашингтондағы Овальді кабинеттің (Oval Office) ішінде кездескен кезіндегі сәттерін қамтиды.
Айта кетейік, 2025 жылғы 6 қарашада АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонда, Ақ үйде кездесті. Кездесу барысында АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестік үдерісін жандандыру туралы, соның ішінде бағалы металдар мен сирек кездесетін минералдар саласындағы ынтымақтастық маңызды тақырып ретінде талқыланды. Жиын барысында шамамен 17 миллиард АҚШ доллары көлеміндегі келісімдерге қол қойылды. Сонымен қатар, Қазақстанның Abraham Accords келісіміне қосылатыны жарияланды — бұл Израиль мен мұсылман-мемлекеттер арасындағы нормалдау процесінің бір бөлігі ретінде бағаланды.











