KZNews.kz
Шоу-бизнес

WhatsApp миллиондаған телефонда істен шығады

Әлихан

Операциялық жүйесі ескірген смартфондардың иелері қосымшаны 2020 жылдың 1 ақпанына дейін пайдалана алады


Осы жылдың соңында кейбір телефондарда WhatsApp мессенджері жұмыс істеуін тоқтатады.

2020 жылдың қаңтарында операциялық жүйесі Android 2.3.7 және одан да ескі смартфондарда, сондай-ақ iOS 7 гаджеттерінде WhatsApp істен шығады. Бұған қоса, мессенджер Windows Phone базасындағы барлық құрылғыда да жұмыс істемейтін болады. Бірақ бұл шектеу сәл ертерек – осы жылдың 31 желтоқсанында күшіне енеді.

WhatsApp сайтындағы сұрақ-жауап бөлімі мен қосымшаның баптауында осыған қатысты ескерту жарияланған.

Дегенмен WhatsApp-тың кейбір функциялары көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін істен шығуы мүмкін, деп жазады life.ru.


sputniknews.kz

Әлихан
Журналист
Автордың басқа материалдары →