«Саясатта несі бар?»: партия қатарына қосылған Мөлдір Әуелбекова сынға қалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Вице-президент қызметі қашан пайда болады?

Вице-президент қызметі қашан пайда болады?
Сенат

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Қазақстанда вице-президент қызметін енгізу мәселесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Парламент кулуарында журналистер бұл лауазымның қашан пайда болуы мүмкін екенін сұраған.

Әшімбаевтың айтуынша, бұл мәселе толықтай мемлекет басшысының құзыретіне кіреді.

"Вице-президент қызметіне қатысты барлық шешімді президент қабылдайды. Жаңа Құрылтайдың құрамы жасақталғаннан кейін тиісті шешім қабылданады", – деді ол.

Сондай-ақ спикер бұл бағыттағы нақты шешімді тек мемлекет басшысы айқындайтынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Құрылтай сайлауы 2026 жылдың тамыз айында өтетінін мәлімдеген болатын. Алайда сайлаудың нақты күні әзірге жарияланған жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер