KZNEWS.KZ
Қоғам

Велосипедпен жолға шығып кеткен екі кішкентай бүлдіршін жұртты шошытты

• Айжан Сыланова

Атырау облысының Индер ауданында екі кішкентай бүлдіршіннің велосипедпен жолға шығып кетуі қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады, деп хабарлайды kznews.kz.

Оқиға 28 наурыз күні Уәлиханов көшесінде болған. Бақылау камералары арқылы жол бойында ересектердің қарауынсыз жүрген балаларды полиция қызметкерлері байқап қалған.

Аудандық полиция өкілдері жедел әрекет етіп, жақын маңдағы қызметкерлерге тапсырма берген. Нәтижесінде балалардың ата-аналары анықталып, бүлдіршіндер үйлеріне жеткізілді. Заңды өкілдермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Кейін балалардың бірінің анасы әлеуметтік желіде полиция қызметкерлеріне алғыс айтып, олардың жедел әрекетінің арқасында балалар аман-есен табылғанын атап өтті.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →