Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Вашингтонға бағыт: Қазақстан Президенті «5+1» кездесуіне қатысады

Вашингтонға бағыт: Қазақстан Президенті «5+1» кездесуіне қатысады
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен АҚШ-қа барды. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ертең Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізбек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды. Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.

Сапар аясында Ел басшысы бірқатар халықаралық ұйымдар мен шетелдік ірі компания өкілдерімен кездесулер өткізеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Тоқаев Орталық Азия мемлекеттері мен АҚШ арасындағы «5+1» форматындағы жоғары деңгейдегі саммитке қатысады. Бұл жиынға Қазақстанмен бірге Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түрікменстан басшылары, сондай-ақ АҚШ Мемлекет қосшысы қатысуы жоспарланған.

Кездесудің күн тәртібінде:

  • саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту,
  • аймақтық қауіпсіздік,
  • транспорттық және энергетикалық жобаларды дамыту,
  • климат өзгерісіне қарсы бірлескен шаралар сияқты мәселелер бар.

«5+1» форматы аймақ елдерінің АҚШ-пен тікелей дипломатиялық және экономикалық деңгейде өзара әрекеттесуін күшейту мақсатында өткізіліп келеді. Бұл — Орталық Азия мен Вашингтон арасындағы стратегиялық диалогтың маңызды алаңдарының бірі саналады.

Саммит қорытындысы бойынша бірлескен мәлімдеме жариялануы мүмкін.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.