KZNews.kz
Танымал

Вашингтондағы зиярат: Мағауиннің қабіріне туған жерінен топырақ салынды

Айжан Сыланова

Жазушының ұлы Едіге Мағауин әкесінің бейітін Абай облысы, Шұбартау ауданындағы Босаға өңірінен әкелінген топырақ пен жусанмен толықтырды. Бұл – ата қоныспен символдық байланысты көздейтін қазақы дәстүр.

Зияратқа Вашингтондағы Kazakh American Association мүшелері қатысып, Құран бағыштады.

Еске салсақ, Мұхтар Мағауин тарихи романдары мен зерттеулері арқылы ұлттық санаға серпін беріп, артына 27 том мұра қалдырған көрнекті жазушы.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →