"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұзатылып жатқан қыз той үстінде көз жұмды

Ұзатылып жатқан қыз той үстінде көз жұмды

Үндістандағы Одиш штатының тұрғыны үйлену тойында кенеттен қайтыс болды. Сыңсу кезінде оның жүрегі тоқтап қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан сайты.

Жергілікті Hindustan Times басылымы таратқан мәліметке сәйкес, жас жұбайлар 4 наурызда некеге тұрған. Ал келесі күні "бидаай" дәстүрі өткізілді. Ондайда қызды өз үйінен шығарып салады.

Бидаай – Үндістандағы үйлену тойының бір салты. Тұрмысқа шыққан қыз туған-туыстарымен қоштасады. Осы кезде барлығы жылайды. Бұл дәстүр қыздың әйел санатына өткенін білдіреді.

Дәл осы салт кезінде келін бала қатты жылап, кенеттен есінен танып қалған. Содан оны шұғыл аурухана жеткізді. Бірақ дәрігерлер көмек бере алмады. Ауруханаға жеткенше оның жүрегі тоқтап қалған.

Көршілердің бірі қайтыс болған қыздың бидаай салты кезінде тоқтамай жылағанын айтты. Ал бірнеше ай бұрын оның әкесі қайтыс болған. Содан кейін ол қатты күйзеліске түсті. Дәрігерлер бұның бәрі жүрекке салмақ түсіретінін растады. Себебі қатты эмоцияға себеп болатын оқиғалар жүректің жұмысына кері әсерін тигізеді.

Автор
Нұрсұлтан