Танымал хит әндердің орындаушысы ADAM (шын аты – Михаил Клименко) ауыр дерттен өмірден өтті, деп хабарлайды kznews.kz.
Қайғылы хабарды оның жұбайы Александра Instagram парақшасында жариялады. Ол 7 желтоқсан таңында 38 жастағы әртістің жүрегі тоқтап қалғанын айтты. Жақындары қоштасу рәсімі жөнінде кейінірек хабар беретінін жеткізді.
"Өкінішке қарай, бүгін таңертең Мишаның мейірімді жүрегі тоқтап қалды", – деп жазды Александра Клименко.
Айта кетейік, Михаил Клименко ұзақ уақыт комада жатқан. Ол аса ауыр ауру – туберкулезді менингит диагнозымен ауруханаға түскен. Бұл дерт ми қабықтарын және жүйке жүйесін зақымдайды. Екі айдан аса уақыт бойы ADAM өмір үшін күресті, реанимацияда да жатқан. Өкінішке қарай, дәрігерлердің барлық әрекетіне қарамастан, оның жағдайы жақсармаған.