KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

«Ұятын-ай, ұзап кетті»: Жазира Байырбекова әлі құдалық жасамағанын айтты

• Айгерім Асылова
фото: ашық дереккөз

Ұлын үйлендірген Жазира Байырбекова әлі күнге құдалық өткізбегенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Өнер иесі оқырмандарынан көмек сұрады. 

"Екі бала үйленген кезде той жасадық, бірақ әлі құдалық жасамадық. Ұятын-ай. Содан құдалық жасайық, ұзап кетті деп мейрамхана іздеп жүрміз. Қайда жасаған дұрыс? Бізге ақылдарыңыз керек. Үйде де күтеміз, бірақ күндіз үйде, кешке мейрамханаға апару керек шығар", деді ол. 

Айта кетейік, Жанболат пен Жазира жалғыз ұлын үйлендіріп, құда-құдағи атанған еді. 

Айгерім Асылова
Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →