KZNEWS.KZ
Шоу-бизнес

Ұсталған браконьерлер арасында «Охотзоопром» қорықшылары бар болып шықты - Қазақстан жаңалықтары

• Жандос

Ақмола мен Қарағанды облысында Қорғалжын қорығында ақбөкендерді атқан браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды КТК.

Ұсталғандар ішінде "Охотзоопром" қорықшылары бар болып шықты.

Күдіктілер туралы әлі де ешқандай ақпарат жоқ. ІІМ-де олардың саны жөнінде де ешнәрсе айтқан жоқ. 

Үйді тінту барысында ақбөкендердің мүйізі мен қару табылды. Даладан мүйізсіз ақбөкендердің терісі табылды. 

Полициядағылар Қызыл кітапқа енген жүздеген аңның көзі жойылғанын айтты. 

Браконьерлерге 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылу қаупі не 10 млн теңге айыппұл төлеу жазасы төніп тұр. 

"Ақбөкендерді жаппай атуға күдіктенуімен полиция қызметкерлері, оның ішінде Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Охотзоопром» РМК инспекторы ұсталды", - дейді ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.


stan.kz
Жандос
Журналист
Автордың басқа материалдары →