Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес: СІМ жаңа мәліметтерді жариялады

Ресейде қазақстандықтар қатысқан жаппай төбелес: СІМ жаңа мәліметтерді жариялады
Фотоиллюстрация: Kznews

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ленинград облысында қазақстандықтардың қатысуымен болған жаппай төбелеске қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ведомствоның ресми өкілі Ерлан Жетыбаевтың айтуынша, 2026 жылғы 26 наурызда Ленинград облысындағы Усть-Луга кентінде орналасқан вахталық қалашықта тұрмыстық жанжал орын алған. Оған Қазақстан азаматтары да қатысқан.

«Оқиғаның мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтау мақсатында Ресей Федерациясының құқық қорғау органдары тиісті процессуалдық шараларды, соның ішінде жанжалға қатысушыларды ұстау жұмыстарын жүргізді», – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. СІМ мәліметінше, қазақстандықтардың арасында ауыр жарақат алған немесе ауруханаға жатқызуды қажет ететін азаматтар жоқ. Сонымен қатар, жағдайдың тұрақты екені және тиісті қызметтердің бақылауында тұрғаны атап өтілді.

Ведомство өкілдері Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығы Ресей құқық қорғау органдарымен тұрақты байланыста екенін жеткізді. Бас консул оқиға орнына барып, Қазақстан азаматтарына консулдық-құқықтық көмек көрсету және оқиғаның барлық мән-жайын нақтылау жұмыстарын жүргізуде.

Оқиға қалай болды

Threads әлеуметтік желісіндегі мәліметтерге сүйенсек, оқиға Усть-Лугадағы вахталық қалашық аумағында болған. Желіде тараған бейнежазбада адамдардың қалың тобы көрінеді, кейін олардың үстіне жоғары жылдамдықпен автокөлік кіріп кеткені байқалады.

Пікір жазған қолданушылардың бірі жанжал қазақстандықтар мен жергілікті күзет қызметкерлері арасындағы түсініспеушіліктен басталғанын айтады. Сондай-ақ, күндіз түсірілген тағы бір бейне тарады. Онда кәсіпорын күзетшілері адамдарды күштеп көлікке отырғызып жатқаны көрінеді.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.