Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұшақ апатынан қаза болғандар саны 14 адамға жетті

Ұшақ апатынан қаза болғандар саны 14 адамға жетті

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

21 0 0

Бүгін Алматы маңында "Бэк эйр" әуе компаниясының ұшағы апатқа ұшырады, ішінде 95 жолаушы және 5 экипаж мүшесі болған

НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Соңғы мәліметтер бойынша Алматы маңындағы ұшақ апатынан қаза болғандардың саны 14 адамға жетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Бұл туралы Алматы әкімдігі хабарлады. 

Бүгін таңғы жетіде "Бэк Эйр" әуе компаниясының Fokker 100 ұшағы Талғар ауданындағы тұрғын үй секторына соғылды. Ұшақ "Алматы – Нұр-Сұлтан" бағыты бойынша ұшып шыққан. Әуе кемесі екі қабатты ғимаратқа құлады. Өрт шыққан жоқ.

© Sputnik / Стрингер.

Оқиға орнынан фото

Президенттің тапсырмасымен премьер-министр басқаратын комиссия құрылды. Комиссия құрамына индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі және басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері кірді. Комиссия оқиға орнына ұшып кетті.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар, медициналық қызметтер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жедел байланыс телефондары іске қосылды.

Мемлекет басшысы қаза болғандардың жақындарына көңіл айтты және апатқа кінәлі тұлғалардың бәрі қатаң жазаланатынын жеткізді.


sputniknews.kz
Автор
Нұрсұлтан