Шоу-бизнес

Үш облыс пен “Семей орманы” резерваты орман өрті жағдайларына дайын емес

KZNEWS KZNEWS
Үш облыс пен “Семей орманы” резерваты орман өрті жағдайларына дайын емес

Резерват басшылығына қатысты шаралар қабылдануда. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаевқа өрт қауіпті кезеңге дайындық жөніндегі кеңесте баяндады.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі 158 мемлекеттік орман иелерін тексерді. Тексеру қорытындысы бойынша ведомство басшысыысан Нысанбаев "Семей орманы" резерватының, сондай-ақ Павлодар, Ақмола, Қостанай облыстарының ықтимал өрттерге дайын еместігін мәлімдеді.

"Бұзушылықтар қатарында ЖЖМ сатып алудың және резервінің жоқтығы, орман өрт сөндіру станциялары ғимараттарының авариялық жай-күйі не олардың болмауы, өрт сөндіру мұнараларының жетіспеушілігі, арнайы техниканың тозуы анықталды. Сондай — ақ рация және арнайы киім жоқ", - делінген хабарламада.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz