2007 жылы құрылған "Арнау" дуэтінің алғашқы құрамында Нұржан Керменбаевпен бірге Жанар Хамитова есімді әнші ән салды. Қос өнерпаз отандық Super Star жобасында танысып, табысқан. Алайда Жанар бұл ұжымда небәрі 2 жыл өнер көрсетті. Оның орнын Салтанат Бақаева басты, деп жазады Stan.kz.
Сөзіне қарағанда, өнер әлемінен алшақтап кеткен Жанар әлі де вокал мамандарынан дәріс алып жүр. - Ал сахнаға қайта оралу жоспарында бар ма? - деген сауалға Салтанат:
"Ол жағын сұрамадым. Кім біледі?! Ол да болып қалуы мүмкін. Сондай болып жатса, таңғалмаймын. Өйткені ән айтатын даусы да бар, келбеті де орнында", - деп жауап берді.
Нұржан мен Жанар бір топта ән салып қана қоймай, кезінде жігіт пен қыз ретінде кездескен. Алайда жұптың қарым-қатынасы ұзаққа бармады. "Арнау" дуэтінен кеткен Жанар бүгінде отбасын құрып, бала сүйіп үлгерген көрінеді.
"Тұрмысқа шыққан. Қателеспесем, үш баласы бар-ау деймін. Нақты қанша баласы бар екенін білмеймін, бірақ тұрмыста", - деді Салтанат Бақаева.
stan.kz