Тұрмыстық жанжал салдарынан келінін пышақтап, оның өліміне себеп болған ене қамауға алынды, деп хабарлайды kznews.kz, gazeta.uz-ге сілтеме қалдыра отырып.
Өзбекстан Бас прокуратурасының мәліметінше, оқиға 5 мамыр күні шамамен сағат 10:00-де болған. 1955 жылы туған әйел келінімен (1985 жылы туған) жанжалдасып қалып, асүй пышағымен оның кеуде тұсына бір рет пышақ сұққан.
Ауыр жарақат алған үш баланың анасы дереу ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, ол 9 мамыр күні көз жұмды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Қасақана ауыр дене жарақатын салу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.
Оқиға Өзбекстанның Ташкент ауданында болған.