KZNews.kz
Қоғам

Үш бағыт бойынша пойыз билеті 25% арзандады

Жарқын Омаров
Фото: Жолаушылар тасымалы АҚ

«Жолаушылар тасымалы» АҚ сұранысқа ие бірқатар бағыттар бойынша теміржол билеттеріне қысқы жеңілдіктерді іске қосты., деп хабарлайды kznews.kz.

Жеңілдік шарттары белгіленген мерзім ішінде қолданылады және жол жүру құжаттарын рәсімдеудің бекітілген талаптары сақталған жағдайда ұсынылады.

Жеңілдіктер дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері жөнелтілетін пойыздарға қолданылады:

№11/12 «Алматы – Шымкент» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: Турист «2Д» орындарына
• Жеңілдік мөлшері — 25%

№65/66 «Астана – Қызылорда» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері — 25%

№105/106 «Алматы – Петропавл» бағытындағы «Тальго» пойызы
• Жеңілдік түрі: үстіңгі орындарға
• Жеңілдік мөлшері — 25%

Жеңілдікпен билеттерді www.bilet.railways.kz ресми сайтынан, сондай-ақ теміржол вокзалдарындағы билет кассаларында қолжетімді. Қосымша ақпаратты 1433 нөмірі арқылы тегін алуға болады.
 

Жарқын Омаров
C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салал...
Автордың басқа материалдары →