Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үрей. Оны өзге емес, бас санитар септі

Үрей. Оны өзге емес, бас санитар септі

Күлдік... Жүрекке күдік ұялады. Бала-шағаға алаңдайсың.

Бекшиннің мәлімдемесі біздің үкіметтің сауатсыздығын аша түсті, деді желіде журналист Серік Әбікенұлы. Пост авторы үш сауал тастайды: 1) Оның болжамы бойынша ертең коронавирус елге тап беретін болса, ересектерді былай қоя тұрып, бүгіннен бастап мектептерді жауып, балаларды қорғауды қолға алмай неге тапжылмай отыр? 2) Вирус келмей қалса, Бекшин неге дүрліктірді? Ел маска іздеп, түрлі дәрі сатып алып, үйді адыраспанмен аластап у да шу; 3) Ауру шыққан ғой, әйтпесе айтпас еді. Енді қалай болар екен деп ел-жұрт Бекшиннен емес, бір-бірінен сұрауда.
– Үрей. Оны өзге емес, бас санитар септі. Қытайда науқастар азайып, коронавирусқа қарсы ашылған ауруханалар біртіндеп жабылып, алаң көңіл әлемге аздаған сабыр кіре бастағанда Қазақстан сенген маманның байбалам салып бал ашуы бұл салаға деген сенімді мүлдем семдірді. Мұндайды жалған ақпар арқылы елді дүрліктіру дейді. Паника. Бас санитар – Бас паникер болғаны қиын екен..., деп пайымдайды ол.

Zakon.kz

Автор
Нұрсұлтан