"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚШҰ өкілдері террористер түрмелерде де үгіт-насихат жүргізіп жатқанын мәлімдеді

ҰҚШҰ өкілдері террористер түрмелерде де үгіт-насихат жүргізіп жатқанын мәлімдеді

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының бас хатшысы Валерий Семериков террористер шоғырланған аймақтардан оралған азаматтар қандай қауіп төндіруі мүмкін екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Террористер шоғырланған аймақтардан оралған азаматтар бас бостандығынан айыру орындарына айтарлықтай қауіп төндіріп жатыр. Бұл туралы ҰҚШҰ бас хатшысының міндетін атқарушы Валерий Семериков мәлімдеді.  

"Сотталған ДАИШ (Қазақстанда, Ресейде және өзге елдерде тыйым салынған ұйым – Sputnik) өкілдері түзету колонияларында үгіт-насихат жүргізу, қатарына жаңа адамдарды тарту жұмыстарын жүргізе бастады. Бұл өте маңызды мәселе", - деп хабарлады Валерий Семериков Мәскеудегі баспасөз мәслихатында.

Отырыс Нұр-Сұлтан, Бішкек, Ереван және Минск қалаларындағы баспасөз орталықтарында видеобайланыс арқылы көрсетілді.

Сонымен қатар террористер шоғырланған аймақтардан өз отанына қайта оралған балалар терроризм идеологиясын "жұқтырған" болуы мүмкін, деп атап өтті Валерий Семериков.

Оның айтуынша, бұл мұқият зерттеуді қажет ететін қауіпті белгі.

Қазақстанның қауіпсіздік қызметі осы жылы үш рет "Жусан" операциясын өткізіп, Сириядан 524 адамды, оның ішінде 30 ер адам, 137 әйел, 357 баланы елге жеткізді.

Қаңтар айында Қазақстанға оралған екі ер адам террористік қызметке қатысқаны үшін сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Екінші арнайы операция кезінде оралғандардың қатарынан 16 ер адам мен 4 әйел қамауға алынды.    


sputniknews.kz
Автор
Әлихан