4 қыркүйекте БАҚ-та ҚР Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу, кәсіпкер Гаджи Гаджиев және бірқатар жоғары лауазымды ҰҚК қызметкерлері ұсталды деген ақпарат тарады. Сол күні Ulysmedia.kz редакциясы ҰҚК мен ІІМ-ге ресми сауал жолдаған.
8 қыркүйекте министр парламент палаталарының бірлескен отырысының кулуарында бой көрсетті. Сол күні президент халыққа жолдау жасаған болатын. Нұртөлеу бұл ақпаратты «жалған әрі абсурд» деп атады.
15 қыркүйекте екі ведомство да ұсталғандар мен қылмыстық істер туралы ақпараттың жоқ екенін хабарлады.
– Көрсетілген мәселелер бойынша бізде мәлімет жоқ, – деп жауап берді ҰҚК.
– Сіздің сауалыңызда аталған тұлғаларға қатысты қылмыстық істер ішкі істер органдарымен тергелмеген, – деп хабарлады ІІМ.
Министрдің ұсталғаны туралы хабар тарағаннан кейін СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров бұл ақпаратты елдегі қолданыстағы заңнама мен журналистік этиканы өрескел бұзу деп бағалады. Ал мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева кәсіби БАҚ пен журналистер сақтауға тиіс міндеттемелерді орындауға шақырды.