Ұлытаулық ақсақал Парижге дейін үш мың шақырымға жуық жолды жаяу жүріп өтті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

ҰҚК Алматы мен Астанада қазақстандықтардың жеке деректерін сатқандар ұсталды

ҰҚК Алматы мен Астанада қазақстандықтардың жеке деректерін сатқандар ұсталды
Фото: видеодан алынды

Биыл наурызда ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана және Алматы қалаларында ҚР азаматтарының дербес деректерін заңсыз жинауда және таратуда күдікті адамдар тобы әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды kznews.kz.

ҰҚК мәліметінше, тергеу материалдары бойынша қылмыстық іс фигуранттары заңсыз жолмен алынған ақпаратты Интернет желісінде сатып келген.

Сатып алушылар қатарында микроқаржы және коллекторлық ұйымдардың кейбір өкілдері, сондай-ақ жеке тұлғалар болған.

Тінту барысында компьютерлік техника, электрондық ақпарат тасымалдағыштар, ірі көлемде ақша қаражаты және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді.

Қылмыстық кодекстің 147, 208 және 210-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі