«Әділет» партиясы ауыл мен қаладағы білім сапасын теңестіруді ұсынды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Үнсіз қала алмаймын": Айжан Аймағанова қоғамдағы үлкен мәселені көтерді

"Үнсіз қала алмаймын": Айжан Аймағанова қоғамдағы үлкен мәселені көтерді
Айжан Аймағанова. Фото: gov.kz

Прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желідегі парақшасында әйелдерді кемсітуге және қоғамда ерлер мен әйелдерді бір-біріне қарсы қоюға бағытталған пікірлерге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның сөзінше, соңғы күндері желіде қызу талқыланып жатқан мұндай көзқарастарға бейжай қарау мүмкін емес.

Аймағанова Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екенін еске салып, ар-ождан мен діни сенім бостандығы әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі екенін атап өтті.

Сондай-ақ ол әйелдің қоғамдағы рөлі тек отбасы аясымен шектелмейтінін жеткізді.

"Әйел – тек ана, қыз немесе әпке-қарындас қана емес. Ол – дәрігер, ұстаз, ғалым, кәсіпкер, әскери қызметші, мемлекеттік қызметші. Ол бала тәрбиелейді, отбасының берекесін қалыптастырады, экономиканың дамуына үлес қосады, мемлекетке қызмет етеді және ер азаматтармен бірге еліміздің болашағына ортақ жауапкершілік арқалайды", – деп жазды прокурор.

Айжан Аймағанова әйелге құрмет көрсету белгілі бір дәстүр немесе жеке көзқарас мәселесі емес екенін айтып, мұны адамға деген құрметтің көрінісі деп бағалады.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер