Қазақстанда денсаулық және туризм вице-министрі тағайындалды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бишімбаев ісінде” прокурор болған Айжан Аймағанова Құрылтайға кандидат болды

“Бишімбаев ісінде” прокурор болған Айжан Аймағанова Құрылтайға кандидат болды
Фото: Аскар Ахметуллин

«Әділет» партиясынан депутаттыққа кандидат ретінде ұсынылғаны қоғамда кеңінен талқыланған мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова прокуратура органдарындағы қызметінен өз еркімен кеткенін растады, деп хабарлайды kznews.kz.

«Бишімбаев ісі» бойынша мемлекеттік айыптаушы ретінде көпшілікке танылған заңгер әлеуметтік желідегі парақшасында бұл шешімнің заң талаптарына сәйкес қабылданғанын айтты.

«Кандидат болып ұсынылуыма байланысты мен прокуратурадан жұмыстан шықтым. Бұл – заңның талабы, мен оны толық орындадым. Бұл шешімді мен саналы түрде қабылдадым», – деп жазды Аймағанова.

Ол прокуратура саласында ұзақ жылдар бойы қызмет атқарып, азаматтардың құқықтарын қорғау жолында еңбек еткенін атап өтті. Сонымен қатар кәсіби тәжірибесі мен жинаған білімі заң шығару қызметінде және қоғамды алаңдатқан өзекті мәселелерді шешуге септігін тигізетініне сенім білдірді.

Сөз соңында Айжан Аймағанова өзіне қолдау білдірген азаматтарға алғыс айтып, алдағы уақытта ашық диалогқа дайын екенін жеткізді.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.