Ұлытау облысында 300 пәтерлі тұрғын үй кешендерінің құрылысы басталды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Айжан Аймағанова қоғамдағы үлкен проблемаға қатысты үн қатты

Айжан Аймағанова қоғамдағы үлкен проблемаға қатысты үн қатты
baigenews.kz

Құрылтай депутаты Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде әйелдерді кемсітуге және ерлер мен әйелдерді бір-біріне қарсы қоюға бағытталған пікірлерге қатысты өз ойын білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ол кейінгі күндері қоғамда қызу талқыланып жатқан мұндай көзқарастарға бейжай қарай алмайтынын айтып, әйелге құрмет адамға деген құрметтің бір бөлігі екенін атап өтті.

«Үнсіз қала алмаймын. Соңғы күндері әлеуметтік желілерде әйелдерді кемсітуге, ерлер мен әйелдерді бір-біріне қарсы қоюға үндейтін пікірлер қызу талқыланып жатыр. Бұл мені бейжай қалдырмады», – деп жазды Айжан Аймағанова.

Депутат Қазақстанның демократиялық, зайырлы және құқықтық мемлекет екенін еске салып, ар-ождан мен діни сенім бостандығы әр азаматтың негізгі құқықтарының бірі екенін жеткізді. Оның сөзінше, әйелді тек отбасы аясындағы рөлімен шектеу дұрыс емес. Әйелдер қоғамның түрлі саласында еңбек етіп, ел дамуына үлес қосып келеді.

«Әйел – тек ана, қыз немесе әпке-қарындас қана емес. Ол – дәрігер, ұстаз, ғалым, кәсіпкер, әскери қызметші, мемлекеттік қызметші. Ол бала тәрбиелейді, отбасының берекесін қалыптастырады, экономиканың дамуына үлес қосады, мемлекетке қызмет етеді және ер азаматтармен бірге еліміздің болашағына ортақ жауапкершілік арқалайды», – деді ол.

Айжан Аймағанова әйелге құрмет көрсетуді белгілі бір дәстүр немесе жеке көзқарас аясындағы мәселе емес, адамға деген сыйластықтың көрінісі деп бағалады.

«Әйелге деген құрмет – белгілі бір көзқарастың немесе дәстүрдің мәселесі емес. Бұл – адамға деген құрметтің көрінісі. Ал адамға құрмет көрсету – Конституциямыздың негізгі қағидаттарының бірі», – деп түйіндеді ол.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер