Қызметкерлерге баспана, қауіпсіз еңбек және лайықты жалақы: «Әділет» партиясы әлеуметтік жауапкершілігі бар бизнес құруға шақырады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үнемдеу технологиялары су тапшылығының алдын ала ма?

Үнемдеу технологиялары су тапшылығының алдын ала ма?
Фото: ашық дереккөздерден

Елімізде су тапшылығы мәселесі, әсіресе, ауыл шаруашылығы үшін өзекті болып отыр. Өйткені, тұтас су ресурстарының шамамен 60 пайызы аграрлық салаға жұмсалады екен.

Сондықтан су қорының азаюы ең алдымен суармалы егіншілікке әсер етеді. Қауіп қазірдің өзінде оңтүстік өңірлерде анық байқалады. Биылғы вегетациялық кезеңде оңтүстікте су тапшылығы 1 млрд текше метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам бар. Бұл жағдайда су көп қажет ететін дақылдардың көлемін шектеу және егіс құрылымын өзгерту қажеттілігі туындайды.

Бұл жердегі мәселе судың көлемімен ғана байланысты емес. Суару инфрақұрылымының тозуы мен тиімсіз суару жүйелері де шығынды көбейтеді. Сондықтан ауыл шаруашылығы үшін басты міндет қолдағы суды тиімді пайдалану болып қала береді.

Әлбетте, бұл бағытта су үнемдеу технологиялары маңызды рөл атқарады. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұндай технологиялар енгізілген алқап көлемі 543 мың гектарға жетті деген мәлімет бар. Биыл тағы 163 мың гектарға енгізілуде. Тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін кеңейту арқылы жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеу мүмкіндігі зор.

Бұл көрсеткіш ауыл шаруашылығы үшін елеулі резерв. Су тапшылығы жағдайында өндірісті тек егістік көлемін ұлғайту арқылы емес, бір гектарға жұмсалатын суды азайтып, өнімділікті арттыру арқылы дамыту қажет.

Ал осы мақсатта мемлекет фермерлерге заманауи суару жүйелерін енгізуге қолдау көрсетіп отырғанын айтуымыз керек Оның ішінде инфрақұрылым шығындарын өтеу, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін сатып алу мен орнатуға субсидия беру шаралары қарастырылғаны тағы бар.

Жоғарыда су үнемдеу технологиялары енгізілген егістік көлемі 543 мың гектарға жетті дедік. Биыл тағы 163 мың гектар алқапқа осындай технологиялар енгізілу үстінде екен.

Яғни, бұл жобаны кезең-кезеңімен жүзеге асыру жыл сайын 2,2 млрд текше метрге дейін су үнемдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұл технологиялар ауыл шаруашылығының өнімділігін арттырып, климаттың өзгеруіне бейімділігін күшейтеді.

Демек, Қазақстанның агроазық-түлік хабына айналу мақсаты су қауіпсіздігімен тікелей байланысты.

Ендеше еліміздегі суармалы егіншілікті сақтап қалу үшін инфрақұрылымды жаңарту, су ысырабына жол бермеу және су үнемдеу технологияларын жаппай енгізу негізгі міндеттердің бірі болып қала бермек 

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.