Серік Сәпиев орынбасарымен болған жанжалдың нақты себебін ашып айтты
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Үндістан тұрғындары 30 жылда алғаш рет Гималай тауының шыңын көре алды - Қазақстан жаңалықтары

Үндістан тұрғындары 30 жылда алғаш рет Гималай тауының шыңын көре алды - Қазақстан жаңалықтары

Коронавирус пандемиясының өршуі кезінде Үндістанның солтүстігіндегі Пенджаб штатының тұрғындары бірінші рет Гималай тауының шыңын анық көре алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Жергілікті тұрғындар ондаған жылдар бойы тау басын көруге мүмкіндік болмады деп, Гималай түсірілген суреттерді жаппай әлеуметтік желілерде таратуда. 

"30 жылда алғашқы рет Гималайдың шыңын көріп тұрмын. Ауа қабаты тазарғандықтан тауды көре алатын жағдайға жеттік. Қандай тамаша", - деп жазыпты желі қолданушысы.

Айта кетерлік жайт, 22 наурыздан бастап Үндістанда қатаң карантин режимі жарияланған. Аймақтардағы өндіріс орындарының жұмысы тоқтап, көлектер сирей бастаған соң ауаның тазарғаны байқалған. Үндістанның орталық кеңесі карантин жарияланғаннан бері елдегі атмосфера 44 пайызға тазарғанын мәлім етті. Бір апта ішінде 85қаланың экологиялық жағдайы жақсарған. 


stan.kz
Автор
Әлихан