Блэкаут: Қырғызстандағы апат Қазақстанның энергетикалық жүйесін істен шығарды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Үндістан, Конго, Лихтенштейн: Тоқаев сенбінің таңымен кімге хат жолдады?

Үндістан, Конго, Лихтенштейн: Тоқаев сенбінің таңымен кімге хат жолдады?
Фото: kznews AI

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев сенбі күні бірқатар мемлекет басшылары мен жоғары лауазымды тұлғаларға құттықтау жеделхатын жолдады. Мемлекет басшысы Үндістан мен Конгоны Тәуелсіздік күнімен, ал Лихтенштейнді Ұлттық күнімен құттықтап, Қазақстанның аталған елдермен қарым-қатынасты одан әрі дамытуға мүдделі екенін жеткізді, деп хабарлайды kznews.kz.

Үндістан

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Премьер-министр Нарендра Модиге құттықтау жеделхатын жолдады.

Президент Үндістанның халықаралық қатынастардағы орны елеулі екенін атап өтіп, елдің экономикалық жетістіктері мен зор ғылыми-техникалық әлеуетіне жоғары баға берді.

Сондай-ақ Қазақстан мен Үндістан арасындағы стратегиялық серіктестіктің қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, түрлі саладағы өзара ықпалдастықты одан әрі тереңдетуге мол мүмкіндік бар екенін жеткізді.

Мемлекет басшысы Нарендра Модиге жауапты қызметінде табыс, ал Үндістан халқына бақ-береке тіледі.

Конго

Президент Конго Республикасының Президенті Дени Сассу-Нгессо мен ел халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Конго Республикасын Африка құрлығындағы маңызды серіктес санайтынын атап өтті. Мемлекет басшысы бірлескен күш-жігердің арқасында екі ел арасындағы ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Президент Дени Сассу-Нгессоға толайым табыс, Конго халқына құт-береке тіледі.

Лихтенштейн

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев Лихтенштейннің Тақ мұрагері Алоизді Князьдіктің Ұлттық күнімен құттықтады.

«Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін», – делінген жеделхатта.

Мемлекет басшысы Тақ мұрагері Алоизге жауапты мемлекеттік қызметінде табыс, ал Лихтенштейн халқына бақ-береке тіледі.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.