Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысында әкімдік хатшысы бір уақытта үш жерде "жұмыс істеген": өңір әкімі не дейді

Ұлытау облысында әкімдік хатшысы бір уақытта үш жерде "жұмыс істеген": өңір әкімі не дейді
Фото: ОКҚ

Ұлытау облысында әкім орынбасарының хатшысы Сусара Қашқынбаеваның бір уақытта үш жерде “жұмыс істегені” белгілі болды. Ол ресми түрде бір мезгілде үш жерде қызметкер ретінде тіркелген.  Ұлытау облысының әкімі Дастан Рыспеков бұл жағдайға пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлытау облысында әкім орынбасарының хатшысы Сусара Қашқынбаеваның бір уақытта үш жерде “жұмыс істегені” белгілі болды. Ол ресми түрде бір мезгілде үш жерде қызметкер ретінде тіркелген: Білім басқармасында, Жезқазған облыстық көпсалалы ауруханасында жұмыс істеген. Ал шын мәнінде ол сол уақытта облыс әкімінің орынбасары Аман Барикеновтің қабылдау бөлмесінде оның хатшысы болып отырған. Яғни, бір қызметкер бір уақытта үш жерден бюджет қаржысын “иемденіп” отырған. Заңсыздыққа жол берген әкім орынбасары мен басқарма басшысы жазаланбаған. Журналист осы жайттан хабардарсыз ба, неліктен олар жауапқа тартылмаған деп сұрады.

"Бұл жағдайды мен білемін. Бірақ ол уақытта жұмыс істеген жоқпын. Менің білуімше, ол азаматша ГПХ келісімшарты бойынша жұмыс істеген. Әкім орынбасары қазір жоқ, екі адам  ауысты. Басқарма басшысы да ауысты. Облыстық прокуратура тексеріс жүргізді, тиісті шаралар қабылдады", - деді облыс әкімі. 

Ұлытау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі кейін желіде тараған жазбаға қатысты жауап берді. 

“Жазбада аталған азамат – Аман Сайлаубекұлы Барикенов 2023 жылдың мамыр айынан бастап Ұлытау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқармайды. Денсаулық сақтау басқармасы басшылығын жауапкершілікке тарту мәселесі облыстық прокуратура жүргізіп жатқан тексерістің нәтижелері бойынша қаралады. “БАҚ туралы” заңның 4-бабына сәйкес, бұқаралық ақпарат құралдарының негізгі міндеттері – объективті әрі шынайы ақпаратты жасау және тарату”, - деп жазды ведомство.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері мен блогерлерден ресми дереккөздерден алынып, тексерілген ақпаратты жариялауды сұрады.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі