Саясат

Алматы облысында экс-әкімнің ұлы қала аумағындай жерге иелік етеді: облыс әкімі не дейді

Алматы облысында экс-әкімнің ұлы қала аумағындай жерге иелік етеді: облыс әкімі не дейді

Депутат Бақытжан Базарбектің Бас прокуратураға Қапшағай мен Іле ауданында жерлердің заңсыз бөлінуі туралы сауалына Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек Алматы облысы Іле ауданында экс-әкім Николай Логутов 10 мың гектардан астам жерді туыстарының, соның ішінде ұлы Константин Логутовтың атына заңсыз рәсімдегенін мәлімдеді.Қазір бұл жерлер бос жатыр, ауыл тұрғындары мал жаюға да, егін егуге де пайдалана алмай отыр, ал кейбір учаскелер табиғи қорғалатын аймақтарға да кіріп кеткен. Депутат бұл істі Бас прокуратураның жеке бақылауына алуды сұрады. Журналист осы мәселе тексерілді ме, жер қайтарып алынды ма деп сұрады.

Әкімнің айтуынша, бұл жерлердің көп бөлігі бұрын Алатау қаласының қарауына берілген, әрі олардың мәртебесі жаңа қалаға қатысты арнайы заң арқылы реттеледі.

«Алатау қаласы бойынша арнайы мәртебеге сәйкес арнайы заң қабылданғанын айтқан едім. Жерлерді қайтару, рәсімдеуді жеңілдету және жылдамдату осы заң арқылы жүзеге асады. Сондықтан жер кімге тиесілі болса да, оны тез қайтару, инвесторларға беру немесе инвесторларға өздері инвестиция салып пайдалану мүмкіндіктерін береміз. Әрине, жер заңды жолмен алынған жағдайда ғана. Қазір біз Бас прокуратураға сұрау жолдадық, нәтижесін күтеміз. Әлі жауап келген жоқ», - деді Сұлтанғазиев.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz