«Қайран менің өз үйім»: қазақтың арманы неге қымбаттап барады?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысында Әйтеновтер отбасы дауыс берді

Ұлытау облысында Әйтеновтер отбасы дауыс берді

Облыс орталығы — Жезқазған қаласында Республикалық «Мерейлі отбасы» жобасының қатысушылары Әйтеновтер жанұясы отбасымен келіп өз дауыстарын берді. Олар елімізде өткен бірде-бір сайлаудан тыс қалған емес.

Естеріңізге салайық, Республикалық «Мерейлі отбасы» Ұлттық байқауының Ұлытау облысынан қатысушылары Әйтеновтер отбасы — металлургтер династиясы. Тау-кен саласындағы әулеттің жалпы еңбек өтілі 442 жылға жетеді.
9 баласы, 36 немересі, 70 шөбересі, 3 шөпшегі бар шаңырақ, шын мәнінде, елге үлгі-өнеге.

Ұлытау облысында дауыс беру белсенді жүруде. Бүгінгі сайлауға облыс тұрғындарының көбісі ұлттық киімде келуде.

Ұлытау облысында Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының сайлауы жүруде.

Азаматтар 19 наурызда сағат 20:00-ге дейін өз дауыстарын бере алады.

Өңірде барлығы 134 сайлау учаскесі жұмыс істейді.

Автор
Еркебұлан