ОСК тіркеді: "Әділет" партиясының 186 үміткері Құрылтай сайлауына қатысады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанда бірінші орынға шықты

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстанда бірінші орынға шықты
фото: ашық дереккөз

Ұлытау облысы жалақы деңгейі бойынша Қазақстан өңірлері арасында көш бастады. Бұл өңірде орташа айлық табыс елдегі ең жоғары көрсеткіш ретінде тіркелді, деп хабарлайды kznews.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Ұлытау облысында орташа айлық жалақы 637,3 мың теңге болды. Бұл елдегі орташа көрсеткіштен 43,2%-ға жоғары. мәлімдеді.

Статистикаға сәйкес, қаңтар-наурыз айларында Қазақстандағы орташа айлық жалақы 445,1 мың теңге болған. Ал Ұлытау облысында бұл көрсеткіш одан 192,3 мың теңгеге артық.

Жалақы көлемі бойынша екінші орында Атырау облысы (610,1 мың теңге), үшінші орында Маңғыстау облысы(608,4 мың теңге). Одан кейін Астана (559,9 мың теңге) мен Алматы (551,6 мың теңге) орналасқан.

Мамандардың айтуынша, Ұлытаудағы жоғары жалақы өңір экономикасының өнеркәсіпке бағытталуымен байланысты. Облыста тау-кен және металлургия саласы жақсы дамыған. Бұл салаларда білікті мамандарға сұраныс жоғары болғандықтан, еңбекақы да басқа көптеген саламен салыстырғанда жоғары төленеді.

Еске салайық, бұған дейін энергетика министрлігі Қазақстанның мұнай-газ саласында жұмыс істейтін қызметкерлердің орташа айлық жалақысы 1,2 миллион теңгені болатынын мәлімдеген еді. Ведомство мәліметінше, бұл сала елдегі ең жоғары жалақы төленетін бағыттардың бірі саналады.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.