Өңір тұрғындарының орта есеппенжан басына шаққандағы табысыайына 353 мың теңгеге жетті. Бұл – елдегі орташа көрсеткіштеншамамен 40%-ға жоғары. Осы көрсеткіш бойынша Ұлытау облысыҚазақстанның барлық өңірлеріарасында екінші, ал облыстарарасында бірінші орында тұр, деп хабарлайды kznews.kz.
Ұлттық статистика бюросы 2026 жылдың I тоқсанындағы халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы бойынша деректерді жариялады. Мәліметкесәйкес, Ұлытау облысы жан басына шаққандағы табыс деңгейі бойынша еліміздегі көшбасшы өңірлердің қатарына енді.
Қаңтар–наурыз айларында өңір тұрғындарының орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табысы айына 353 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш бойынша Ұлытау облысы Қазақстанның барлық өңірлері арасында екінші орынға ие болды. Бірінші орында Алматы қаласы, мұнда жан басына шаққандағы табыс 408,2 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ өңір көрсеткіші 352,8 мың теңгені құраған Астана қаласынан сәл жоғары нәтиже көрсетті.

Ал еліміздің облыстары арасында Ұлытау бірінші орында тұр. Одан кейінгі орындарда Атырау облысы — 323,7 мың теңге, Маңғыстау облысы — 288,9 мың теңге және Павлодар облысы — 284 мың теңге орналасқан.
Жалпы Қазақстан бойынша халықтың жан басына шаққандағы орташа ақшалай табысы 252,6 мың теңгені құрады. Осылайша Ұлытау облысының көрсеткіші республикалық орташа деңгейден 100 мың теңгеден астамға немесе шамамен 40%-ға жоғары.
Айта кету керек, жан басынашаққандағы ақшалай табыс орташажалақы деңгейіне қарағанда әлдеқайдаауқымды ұғым болып табылады. Бұлкөрсеткішке тек еңбек ақысы ғана емес, сонымен қатар зейнетақы, жәрдемақы, кәсіпкерлік қызметтен, мүліктен түсетінкіріс және өзге де ақшалай түсімдеркіреді. Жалпы табыс сомасы өңірдегібарлық тұрғындар санына, оның ішіндебалалар, зейнеткерлер және жұмысістемейтін азаматтарды қоса есептепбөлінеді.
Ұлытау облысының жоғарыкөрсеткіші өңір экономикасыныңқұрылымымен тығыз байланысты. Атапайтқанда, аймақтағы ең ірі жұмысберушілердің бірі «Қазақмыс» компаниялар Тобы болып табылады. Кәсіпорындардың тұрақты жұмысы, өндірістік және инвестициялықжобалардың іске асырылуы, сондай-ақбілікті мамандарға сұраныстың жоғарыболуы халық табысының өсуіне жәнеЖезқазған, Сәтбаев қалалары мен облыстың өзге де елді мекендеріндегііскерлік белсенділіктің артуына ықпал етуде.


