Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болып Торғын Ескендірова тағайындалды

Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі болып Торғын Ескендірова тағайындалды
Фото: Ұлытау облысы әкімдігі

Ұлытау облысы әкімінің кеңесшісі лауазымына Торғын Төлегенқызы Ескендірова тағайындалды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтей отырып kznews.kz порталы хабарлайды.

Торғын Ескендірова 1993 жылы бұрынғы Жезқазған облысының Жаңаарқа ауданында дүниеге келген.

Ол әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Журналистика» мамандығы бойынша білім алып, аталған оқу орнында «Халықаралық журналистика» бағыты бойынша магистр дәрежесін иеленген. Сонымен қатар Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды зерттеу университетінде «Құқықтану» мамандығы бойынша жоғары білім алған. Польшадағы Адам Мицкевич университетінде тағылымдамадан өткен.

Еңбек жолында «ADAM Media Company» ЖШС-де PR-менеджер және телевизиялық жобалардың редакторы, Қазақстан Республикасының «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінде менеджер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық журналистика және ЮНЕСКО қоғамдық медиа кафедрасында оқытушы, «Adyrna.kz» ақпарат агенттігінің шеф-редакторы қызметтерін атқарған.

Сондай-ақ Жезқазған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы, ішкі саясат бөлімінің бас маманы және сектор меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Сот әкімшілігінде инспектор, Ұлытау облысы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің баспасөз қызметі бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген.

Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Торғын Ескендірова Ұлытау облысының Қоғамдық даму басқармасында бөлім басшысы қызметін атқарды.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.