Сочиде 50 жастағы әйел өзінің 12 жастағы баласының қайтыс болғаны жөнінде жалған ақпарат таратып, адамдардан ақша сұрағаны белгілі болды, деп хабарлайды kznews.kz.
Жасөспірімдер ісі жөніндегі инспекция қызметкерлері әйелдің мекенжайына барып тексергенде, баланың тірі екеніне көз жеткізген.
"Баласын жер қойнына тапсырғанын айтып, көмек сұраған ана – жалған ақпарат таратқан. Қазір бұл факті бойынша тексеріс жүріп жатыр. Сочиде мессенджерлер арқылы 50 жастағы жергілікті тұрғын ұлының қайтыс болғанын айтып, материалдық көмек сұраған хабарламалар таратқан", – делінген ресми мәлімдемеде.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл отбасы профилактикалық есепте тұрған. Баласының анасына РФ ӘҚБтК-нің 5.35-бабы бойынша – "Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және асырау жөніндегі міндеттерді орындамау" дерегімен әкімшілік хаттама толтырылған.
Іс материалдары бойынша тексеріс жалғасып жатыр.