Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлттық банк басшылығы 1,7 млрд теңге сыйақы алған": Тимур Сүлейменов түсініктеме берді

Ұлттық банк басшылығы 1,7 млрд теңге сыйақы алған": Тимур Сүлейменов түсініктеме берді
Фото: kursiv.media

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов  2024 жылы Ұлттық банк топ-менеджерлері 1,7 млрд теңге көлемінде «сыйақы» алғаны туралы мәліметке түсініктеме берді, деп хабарлайды kznews.kz.

2024 жылы Тимур Сүлейменов басқаратын Ұлттық банктің топ-менеджменті мен директорлар кеңесі шамамен 1,7 млрд теңге көлемінде сыйақы алған. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 22,8% көп. Сыйақылардың өсуі Ұлттық банк қатарынан оныншы жыл шығынға ұшырап отырғанына қарамастан өскен. Журналист неге шығынға қарамастан олардың сыйақылары өсіп жатыр деп  сұрады. 

«Бұл ақпарат шындыққа сәйкес емес. 1,7 млрд теңге сыйақы емес. Оның ішіне жалақы, емделу, демалыс ақысы, оқу және басқа да төлемдер кіреді. 2023 жылы Ұлттық банк ескі жалақымен өмір сүрді. Бұл жылы мен мұнда жұмыс істемедім. 2024 жылы ғана жалақы көтерілді. Сондықтан, бұл ақпарат дұрыс емес», – деді Сүлейменов Астанада өткен брифингте.

Автор
Жарқын Омаров

C.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Журналистика факультетінің түлегі. Журналистика саласында 20 жылдан бері еңбек етіп келеді. Салалық, республикалық басылымдарда, интернет-порталдарда түрлі қызметтер атқарған. 2025 жылдан бері kznews.kz тілшісі