Сербияда қазақ қызы жұмбақ жағдайда көз жұмды: әкесі үндеу жариялады
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Ұлданасыз өмір сүре алмаймын деп еді…”: Марқұм фельдшер қыздың әпкесі жағдайға байланысты пікір білдірді

“Ұлданасыз өмір сүре алмаймын деп еді…”: Марқұм фельдшер қыздың әпкесі жағдайға байланысты пікір білдірді

Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде басына кондиционер құлап, көз жұмған фельдшер Ұлдана Мырзуанның әпкесі Сымбат Мырзуан әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады. Ол жазбасында марқұмның жұбайының екінші рет шаңырақ көтергенін де растады, деп хабарлайды kznews.kz.

Сымбат Мырзуанның айтуынша, сіңлісінен айырылу отбасы үшін орны толмас қайғы болған. Ол осы уақытқа дейін үнсіз қалуы әлсіздіктен емес, сабыр сақтауды жөн көргенінен екенін атап өтті.

«Жаным Ұлдантайым, жаның жәннаттың төрінен болсын. Алла бәрін көруші де, естуші де. Сен жұмақтың бау-бақшасындасың деп сенеміз. Қайғымыз күн өткен сайын үдей түсуде. Алла мұндай сынақты ешкімнің басына бермесін», – деп жазды ол.

Сондай-ақ ол сіңлісінің өмірінің соңғы кезеңінде көп қиындық көргенін меңзеп, ақиқаттың уақыт өте келе өздігінен ашылатынын айтты.

«Менің үнсіз қалғаным – бәріне келістім деген сөз емес. Әке-шешемді қорлатқым келген жоқ. Үнсіздікті әлсіздіктен емес, сабырдан таңдадым. Бар мақсатым – ата-анамның және халықтың көзін ашу, шындықтың бетін ашу болды. Мен тек адалдық пен әділдіктің салтанат құрғанын қалаймын», – деді Сымбат Мырзуан.

Ол айтылар сөздің әлі де көп екенін, алайда кейбір шындықтың уақыт өте келе белгілі болатынын жеткізді.

Еске салайық, Ұлдана Мырзуан Астанада қызметтік міндетін атқару кезінде болған қайғылы оқиғадан кейін көз жұмған еді. Кейін әлеуметтік желіде оның жұбайының қайта үйленгені қызу талқыланып, қоғамда түрлі пікірлер туындаған болатын.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.