Жаңалықтар

"Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ": Танымал заңгер шұғыл мәлімдеме жасады

"Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ": Танымал заңгер шұғыл мәлімдеме жасады
kznews.kz коллажы

Елге танымал заңгер Мейірман Шекеев Астанада қаза тапқан фельдшер қыз туралы жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

"Істі бұрмалау кімге қажет болған? Бұл сұрақ бәрімізді ойландыруы керек. Оқиға орнына барып, куәлерден жауап алып, барлық деректерді жеке зерттегенімде, бір нәрсе анық болды: Ұлдананың қазасы кондиционерден болған жоқ. Шын мәнінде, оның өмірін қиған – ғимараттың қасбетінде тұрған кірпіштердің құлауынан болған.

Бұл – кездейсоқтық емес. Бұл – қауіпсіздік ережелерінің сақталмауы, салғырттық және жауапкершіліктен қашудың салдары. Біреулер бұл істі жауып, кінәні басқа жаққа аударуға тырысқан сияқты. Бізге жалған ақпарат емес, шындық керек. Біз үнсіз қалмаймыз. Біз Ұлдана үшін, оның отбасына әділдік орнату үшін соңына дейін барамыз. Әділдікке қол жеткіземіз. Шындықты талап етеміз. Сіщдердің қолдауларыңыз Әділет бауырымыздың әділеттікке жетуіне септігін тигізеді", – деп жазды Мейірман Шекеев.

Ұқсас материалдар

Барлығы

Жаңалықтар

Тағы жаңалық
KZNews.kz