Каспий құбыр консорциумы мұнай жөнелтуді қайта тоқтатты
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 айдан кейін қайта үйленді

Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 айдан кейін қайта үйленді
Коллаж ЖИ арқылы жасалған

Әлеуметтік желіде марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның жұбайы Әділет Зейнелдің қайта шаңырақ көтергені қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz, bairaq_media-ға сілтеме қалдыра отырып.

Белгілі болғандай, қайғылы оқиғадан сегіз ай өткен соң Әділет Зейнел екінші рет отбасын құрған. Бұл жаңалық желі қолданушылары арасында түрлі пікір туғызды. Бірі оның жаңа өмір бастау туралы шешімін қолдаса, енді бірі марқұмның жылы өтпей жатып үйленуін құптамаған.

Еске салайық, 23 жастағы Ұлдана Мырзуан 2025 жылдың қараша айында шақыртуға барған кезде қайғылы оқиға салдарынан көз жұмған болатын. Тұрғын үйдің қасбетінен құлаған кірпіштер мен кондиционердің сыртқы блогы жас фельдшердің үстіне құлап, ол ауыр жарақат алған.

Қайғылы оқиғадан кейін Ұлдананың тағдыры қоғамда кеңінен талқыланып, көпшілік оның отбасы мен жақындарына көңіл айтқан еді. Ал бүгінде оның жұбайының қайта отбасын құруы әлеуметтік желілерде қызу пікірталасқа себеп болып отыр.
 

Автор
Дархан Тоқан

Журналист. Блогер. Фрилансер