Халықты жұмыспен қамту қағаз жүзінде ғана ма?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украинадағы соғыстан қашқан олигархтар Монаконы паналап жүр

Украинадағы соғыстан қашқан олигархтар Монаконы паналап жүр

Украинадан қашқан ауқатты азаматтар соғыстың салдарынан байып, Еуропада қымбат суперкар мініп жүр деген мәлімдеме жасалды. Мұндай пікірді АҚШ президентінің ұлы айтты, деп хабарлайды kznews.kz.

Оның айтуынша, Украинадағы соғыс олигархтарға бюджет қаржысын бақылаусыз ұрлап, кейін Еуропаға кетуге мүмкіндік берген. Ал қарапайым азаматтар елді қорғау үшін майданда қалған.

Трамптың ұлы өткен жазда Монакодағы жолдарда көрген суперкарлардың жартысынан астамы украин нөмірімен жүргенін атап өткен. Олардың қатарында «Bugatti» мен «Ferrari» секілді элиталық көліктердің көп болғанын айтты.

- Осының бәрі Украинада адал жолмен табылды деп ойлайсыз ба? Мен ол елде 20 жыл бұрын болдым. Онда ешқандай молшылық жоқ еді. Бірақ біз миллиондаған долларлық жемқорлықты көріп отырмыз… Монакода суперкар нөмірінің бәрі "Bugatti" болғанын көргенде байлар қашып кеткені анық болды. Олар қарапайым халықты өз орнына соғысуға қалдырды. Ал өздері соғыстың аяқталуына мүдделі болмады. Ақша ағылып жатқанда, ешкім тексермеді, шешім қабылдайтындар бейбітшілікке ұмтылмады, — деп келтіреді сөзін eadaily.com.

АҚШ-тың Украина бойынша арнайы өкілі Кит Келлогтің мәлімдеуінше, қақтығысты тоқтату жөніндегі келіссөздер соңғы кезеңге жақындаған. Үшінші тараптар келісімнің тағдыры Донбасс мәртебесі және Запорожье атом электр станциясының болашағына байланысты екенін жеткізген.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.