Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізіледі

Украинадағы қазақстандықтар Польша арқылы елге жеткізіледі

Қазақстан Украинадағы азаматтарын репатриация рейсі арқылы елге жеткізеді, деп хабарлайды Қазақпарат. Бұл ақпаратты Қазақстанның Украинадағы елшілігі растап отыр.

Елшіліктің хабарламасында Air Astana әуе компаниясының 25-26 ақпанда репатриация рейсін жүзеге асыруды жоспарлап отырғаны жазылған. Аталған рейс Польшаның Катовице қаласында. Қазақстан азаматтары үшін Украина-Польша шекарасынан әуежайға дейін визасыз "жасыл дәліз" қамтамасыз етілмек. "Азаматтардан Львов қаласына келулерін сұраймыз, қабылдау пункті - Замкнена көшесі, 3/1 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Құрметті консулдығы, тел. +38 (032) 240-36-70, +38 (067) 989-28-19", - делінген хабарламада. Қосымша ақпарат алу үшін Air Astana өкілдеріне келесі телефондар арқылы хабарласуға болады: +38 (050) 051-11-17, +38 (050) 981-54-49.

Автор
Еркебұлан