Харри Кейн «Алтын допты» иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Екі ел достығы айтарлықтай нәтиже береді": Желтоқсан айында Тоқаев Трамппен кездеседі

"Екі ел достығы айтарлықтай нәтиже береді": Желтоқсан айында Тоқаев Трамппен кездеседі
фото: ашық дереккөз

Трамптың айтуынша, өткен жылы Қазақстан мен АҚШ халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтан бастап, екі елге де пайда әкелетін маңызды коммерциялық келісімдерге дейін серіктестікті тереңдетті.

АҚШ президенті Дональд Трамп желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесетінін мәлімдеді. Бұл туралы Америка көшбасшысы Республика күніне орай құттықтау жеделхатында айтты, деп хабарлайды kznews.kz

Сондай-ақ, Президент 1991 жылы Қазақстанды халықаралық аренада егемен мемлекет ретінде алғаш мойындаған АҚШ екенін еске салды. Трамп АҚШ-тың Қазақстанның тәуелсіздігіне, егемендігіне және аумақтық тұтастығына адалдығы мызғымайтынын атап өтті.

Сонымен қатар, Дональд Трамп Қазақстанның экономикалық жетістіктерінде маңызды рөл атқарған және жалғастыратын америкалық компаниялардың рөлін атап өтті.

“Елдеріміз арасындағы нығайып келе жатқан достық көптеген ондаған жылдар бойы айтарлықтай нәтиже беретініне сенімдімін. Желтоқсан айында өтетін G20 саммитінде Сізбен кездесуді асыға күтемін," – деді ол.

G20 саммиті – әлемдегі ірі экономикалардың басшылары қатысатын халықаралық кездесу. Оның негізгі мақсаты – әлемдік экономиканың дамуы, халықаралық сауда, қаржы тұрақтылығы, энергетикалық қауіпсіздік және климаттың өзгеруі сияқты өзекті мәселелерді талқылау. G20 құрамына 19 мемлекет, Еуропалық одақ және Африка одағы кіреді. Қазақстан бұл ұйымның мүшесі емес, алайда ел өкілдері саммитке арнайы шақырылды.

Еске сала кетейік, Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.