Харри Кейн «Алтын допты» иеленді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Арқалықта көпір үстінде тұрған жасөспірім қыз бала мұздай суға құлап кетті (ВИДЕО)

Арқалықта көпір үстінде тұрған жасөспірім қыз бала мұздай суға құлап кетті (ВИДЕО)
Фото: ашық дереккөз

Оқиға 27 қазанға қараған түні болған.

Арқалықта кәмелет жасына толмаған жасөспірім қыз бала көпірден мұздай суға құлап кетті, деп хабарлайды kznews.kz Tobolinfo.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Сол түні жасөспірімнің анасы полиция қызметкерлеріне хабарласып, қызының үйден кетіп, қайта оралмағанын айтты.

Тәртіп сақшылары хабар түскен бойда дереу іздеуге кірісіп, Орталық жедел басқармасының камераларынан қыз баланың көпірде тұрғанын байқайды. Сол жерге патруль қызметкерлері аттанады.

Оқиға орнына жеткен полицейлер қыз баланың мұздай суға құлап кеткенін байқайды. Бастапқыда олар жасөспірімді жіппен шығарып алмақ болғанмен, артынша суға түсіп барып, шығарып алған.

Қыз баланы судан шығарғаннан кейін дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырады. Оқиғаға қатысты іс кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі бөлімге тапсырылды.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.