Қазақстанның облыс әкімдерінің рейтингі жарияланды: көш басында кім тұр?
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Украина мен Ресей үшінші рет қашан кездесуі мүмкін

Украина мен Ресей үшінші рет қашан кездесуі мүмкін

Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің келесі кезеңі шілде айының соңында өтуі мүмкін, деп хабарлайды Kznews.kz

Independent басылымының түрік нұсқасы дипломатиялық дереккөздерге сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің үшінші раунды Ыстамбұлда 23 немесе 24 шілдеде, сәрсенбі немесе бейсенбі күні өтуі ықтимал.

Кездесуде техникалық сипаттағы, шектеулі мәселелер талқыланады деп жоспарланған. Атап айтқанда, тараптар гуманитарлық көмек, тұтқындармен алмасу, инфрақұрылымның қауіпсіздігі және шекара күзеті шараларын сөз етпек.

Екі ел өкілдері бұған дейін Ыстамбұлда екі рет – 16 мамыр және 2 маусым күндері кездескен. Сол жолы тараптар тұтқындармен алмасу туралы келісіп, өзара меморандум жобаларын ұсынған болатын.

Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуге дайын екенін мәлімдеген еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.